Жұма күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:40-та Бейжің халықаралық Шоуду әуежайынан ұшып шыққан CA893 рейсі Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайына сәтті қонды. Осылайша Қытай мен Қырғызстан астаналары арасындағы жаңа тікелей әуе бағыты ресми түрде іске қосылды.
– Жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері екі бағытта да орындалады, – делінген хабарламада.
CA893 рейсі Бейжіңнен Бішкекке 5 сағат 40 минутта жетеді. Ал кері бағыттағы CA894 рейсінің ұшу ұзақтығы 4 сағат 50 минутты құрайды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстері аптасына 152-ге дейін көбейеді.