Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды
12:44, 19 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – 19 қыркүйекте Қытай астанасында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.
Қазақстан атынан алғаш болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті.
Спортшылар мұздағы биден 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін бақ сынап жатыр.
Ырғақты бидің қорытындысы бойынша олар 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға тұрақтады. Бірінші орынға 80,92 ұпаймен Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) жайғасты.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 21 қыркүйекте өтеді.
Ал ерлер арасында өтетін жекелей сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғайды.