Ресей ТЖМ Қабардин-Балқар Республикасы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, шатқалдағы іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Қаза тапқан альпинистің денесі тікұшақпен Нальчик қаласына жеткізілді.
Еске салайық, 6 қыркүйекте Безенги шатқалында қар көшкіні жүрген болатын. Топ құрамында барлығы 33 альпинист болған. Олардың 10-ы таудан өздігінен түскен, тағы алтауы жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
БАҚ мәліметінше, Безенги шатқалындағы оқиға 2002 жылдан бері Ресейдің таулы аймақтарындағы ең ірі қайғылы оқиға болды.
Бұған дейін Ресейде қар көшкінінен қаза тапқандар саны артқаны туралы жазған болатынбыз.