БҒМ ҰБТ-ға жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылғандығын растады

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан мектеп оқушыларын тексеру кезінде олардың ар-намысына тиетін әрекеттерге жол бергені үшін бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза

қолданылғандығын растады.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жұмысының әлсіреуіне жол берген Білім және ғылым министрлігінің барлық қызметкерелеріне қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Ішкі істер министрлігіне де тиісті хат жолданды», - деп атап көрсетті бүгінгі баспасөз мәслихатында вице-министр Махметқали Сарыбеков.

Айта кетейік, бұған дейін министр Бақытжан Жұмағұлов Ұлттық бірыңғай тес­ті­леуге қатысқан мектеп түлектерін іш киімге дейін ше­шіндіру оқиғасының тек Сәкен Сейфуллин атындағы Қа­­з­ақ агротехникалық университетінде ғана бол­ған­дығын растаған еді. Осыған орай құрылған арнайы тексеріс ко­миссиясы сол жоғары оқу орнында тест тапсырған мек­теп түлектерінің алғашқы легін тексеру кезінде Са­рыарқа аудандық полиция қызметкерлерінің  жұмыс ба­бында асыра әрекет еткені анықталды. Әрине, Білім жә­не ғылым министрлігінің қызметкерлері ондай әре­кет­тің алдын алуға болатын еді. Бірақ олар полицияға ләм-мим деген де жоқ. Сондықтан арнайы комиссия Ұлт­­тық бірыңғай тестілеу науқанына жауапты болған ми­нистрліктің кейбір лауазымды тұлғаларына қатысты тәр­тіптік жаза қолданыпты.  Атап айтқанда,  сол күні Сәкен Сей­фуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­вер­си­тетінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді ұйымдастыру шараларын бақылау жұмысының әлсіреуіне байланысты вице-министр Мұрат Орынхановқа ескерту жасалып, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Ырсалиев пен министрлікке қарасты Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиевке сөгіс жарияланды. Ал сол кезде тиісті шара қолданбағаны үшін Қазақ агротехникалық университеті жанындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы филиалының жетекшісі Мақсат Тоқышев қызметінен босатылды. Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тес­тілеу кезінде түлектерді тексерген кейбір поли­цей­лердің өз қызметін асыра пайдаланғаны туралы ресми хат­ты Ішкі істер министрлігіне жолдады.