"Егер азамат орта мектепті бітірсе, нарық оны 30-35 мың теңге жалақымен бағалайды. Колледж бітірген болса, оның орташа жалақысы 60 мың болады. Жоғары оқу тәмамдаған түлекке орташа алғанда 80-85 мың теңге жалақы беріледі екен. Мен білім алған алғашқы жылдарды айтып отырмын. Қазақстан бойынша орташа жалақы 140 мың теңге екенін ескерсек, үстінен қосылған сома өмір бойы білім алудың арқасында қол жеткізілді", -деді ол.
А. Орсариевтің сөзіне қарағанда, бүгінгі заманда білім саласына салынған инвестициялар адам капиталын дамытуға салынған инвестиция болып есептеледі. Оның пікірінше, Қазақстанда үздіксіз білім шамамен 18-19 жылға созылады.
"Бұл көрсеткіш орта біліммен қамту деңгейі 100% болғандықтан жеткізіліп отыр. Биылдан бастап тегін кәсіби-теxникалық білім беруді енгіземіз. Қазақстан бойынша 9410 балабақша бар. Олар 807 мыңға тарта баланы қамтып отыр. 2,9 оқушыны қамтитын 7450 мектеп, 489 мың азаматқа білім беретін 817 колледж бар. 512 677 адамды қамтитын 130 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Сонда 17 мың білім мекемесі 4,5 млн азаматты жыл сайын оқытады", - деп түйді ол.