македон және серб қызметтері мен Кариб аймағына ағылшын тілінде, Африка елдеріне - португаль тілінде бағдарламалар шығаратын редакциялардың жабылатынын мәлім етті.
Би-би-Си дүниежүзілік қызметінің басшылығы бүгін, сәрсенбі күні 650-дей қызметкердің қысқартылатыны туралы мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Бұл корпорацияның 2 400 адамнан тұратын қазіргі штатының 25 пайызға жуығы.
Яғни, бес тіл қызметінің жабылуымен қатар, басқа да бөлімнің қызметкерлері қысқартылмақ. Дегенмен, компания басшылығы қай қызметтерде қысқарту жүретінін әзірге нақтылаған жоқ.
Британдық корпорацияның мәлімдеуінше, шетелдерге хабар тарату үшін үкімет бөлетін гранттың қысқаруы осындай салдарға әкеліп отыр.