Би-би-си тілшісі репортаж үстінде «сиқыр» көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - BBC North America журналисі Джон Сопел Ақ үйде жасаған репортажы барысында көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Daily Mirror.

Сопел қолын ары-бері сілтеп салып сөйлеп жатқан сәтте қолында кенеттен қолғап пайда бола кетеді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаны қалжыңдап «сиқырлы трюк» деп атады.

«Джон Сопел бос уақытында сиқыршы болып ақша тауып жүр ме?», - деп сұрақ қойды Рассел Джойс.

«Сопелдің осындай жағдайға арналған қол дублері болғаны ма?», - деп жазды Нил Баунесс.

«Өздігінен күнге күюдің құпия әдісі ме?», - деп әзілдеді Олли Гланвилл.

Сопел шын мәнінде не болғанын кейін түсіндірді. Оның айтуынша, сенсорлы телефонын саусақ ізі арқылы бұғаттан шығару мақсатында қолғабын шешіп, кейін қайтып киген көрінеді.

«Маған Трамптың бір сөзі шұғыл қажет болды, кейін телефонымның бұғатталып қалғанын байқадым. Сондықтан, оны бұғаттан шығару үшін қолғабымды жылдам шештім», - деп түсіндірді журналист, адамдардың оны сиқыршы деп есептейтініне қуанышты екендігін қосып.