Би фестивалінде 77 адам уланып қалды
10:04, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Baikal Dance Camp би фестивалі өтіп жатқан Бурятиядағы Кабан ауданы аумағындағы туристік базада 66 бала және 11 ересек адам уланып қалды.
Бұл жайлы 3 тамыз, бейсенбі күні Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.
«2017 жылдың 3 тамызы күнгі сағат 8.00-дегі (жергілікті уақытпен 3.00) жағдай бойынша улану белгілері бар 77 адам ауруханаларға жеткізілді. Олардың 66-сы балалар, 11-і ересектер. Емделушілердің қазіргі жағдайы бір қалыпты, өмірлеріне төнген қауіп жоқ», - делінген хабарламада.
Аурудың шығу себебін анықтау мақсатында азық-түлік, су және қоршаған орта нысандарынан сынамалар алынып, ас әзірлеу бөліміндегі қызметкерлер тексеруден өтті. Туристік нысан қызметі уақытша тоқтатылды, ал материалдар сотқа жіберілді.