«BI Group» холдингінің еншілес ұйымдарына қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы бойынша тергеу жүргізілуде
17:01, 22 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде BI Group холдингінің еншілес ұйымдары «Шахар НС» ЖШС-ға және «Family Village» ЖШС-іне қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Тергеу сатып алушыларға таза әрлеу талаптарын күштеп таңу, құрылыс салушының пайдалану және коммуналдық қызметтерінің, сервистік компания қызметтерінің шығыстарын өтеу фактілері бойынша жүргізілуде.