Биатлон: АҚШ-та өтетін әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды
10:20, 04 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – 9 наурыз күні АҚШ-та биатлоннан әлем кубогының тоғызыншы кезеңі басталады.
ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Норвегияда әлем кубогының сегізінші кезеңі аяқталды.
Онда биатлоннан ерлер құрамасы Ұлттар кубогы рейтингісінде 15-орынға тұрақтады.
Енді команда Солт-Лейк-Ситиде бақ сынайды. Ел намысын ерлер құрамасында Асет Дюсенов, Александр Мухин, Владислав Киреев, Никита Акимов, ал әйелдер құрамасында Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина және Арина Крюкова қорғайды.