АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Австрияның Хохфильцен қаласында әлем кубогы кезеңінде эстафеталық жарыс өтті.
Алдымен жарыс алаңына әйелдер құрамалары шығып, қазақстандықтар қосымша сегіз оқты пайдаланып, он жеті команданың ішінен 14-інші орынды иеленді. Ал ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы біршама сәтті өнер көрсетіп, 13-інші орынға көтерілді. Қазақстандық биатлоншылар төрт қосымша оқты пайдаланды. Бұл жаман нәтиже емес.
Әлем кубогы сайыстары одан әрі жалғасады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).