Онда 100 спортшының арасынан қазақстандықтардан ең жоғары нәтиже көрсеткен №60 Алина Райкова 46-шы орын алды. №50 Дария Усанова 49-шы, №97 Марина Лебедова 78-ші боп мәре сызығын қиды. Бұл сында 1-3 орынды жарыс қожайындарынан №6 Мириам Гесснер (Miriam GÖSSNER) және беларус №47 Дария Домрашчва мен фин №35 Кайса Макарайнен өзара бөлісті.
Бүгін ерлер арасындағы спринттік жарысқа 102 спортшы қатысады. Онда ел намысын №29 Ян Савицкий мен №52 Александр Шервинков қорғамақ. Бұған дейін эстафеталық жарыста әйелдер 12-ші, ерлер 17-ші орын алған болатын.