Қазақстан Биатлоншылар одағының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бірінші күні жеке жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150-ден астам спортшы қатысты.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар 12,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан ақмолалық Данил Червенко көш бастады. Ол финишке 0:37.59 уақытта келсе, екінші болып Артем Афанасьев 0:39.10 уақытта мәре сызығына жетті. Гуров Антон 0:40.23 уақытта үздік үштікке енді.
Жасөспірім қыздар арасынан 10 км қашықтықта Ульяна Ардалионова 0:39:49 уақытта бірінші болып жетсе, Яна Чупик 0:40:03 уақытпен – екінші, Адима Куанышбекова 0:42:14 уақытпен үшінші нәтиже көрсетті.
Жеткіншектер арасынан Вадим Середенко 12,5 км қашықтықта 0:47.17 уақытта топ жарса, Максим Зиновьев 28 секундқа кешігіп, 0:47:45 уақытпен екінші болды. Ал Леонид Жулин 0:48:09 көрсеткішпен үштікті түйіндеді.
Қыздар құрамасы 10 км қашықтықта сынға түсіп, 0:45:55 уақытпен Эвелина Рыбалкина – бірінші, Анастасия Середнякова 0:47:02 уақытпен – екінші, Валерия Миронова 0:47:04 уақытпен үшінші орынды иеленді.
Бәсеке 21 қаңтарға дейін жалғасады. Соңғы жарыс күні спортшылар масс-стартта өнер көрсетеді.