«Еуроспорт» телеарнасынан тікелей көрсеткеніндей, әлемнің 23 құрамасы қатысқан бәсекеде қазақстандықтар сегізінші орынға көтеріліп, үздік ондықтың қатарына ілікті. Әсіресе, бірінші және екінші кезеңде Галина Вишневская мен Дарья Усанов мәреге бесінші болып келсе, одан кейін Анна Кистанова Қазақстан құрамасын тіпті төртінші орынға шығарды. Бұл ретте Г.Вишневская нысана көздеуде бірде-бір рет қателеспесе, Д.Усанова қосымша бір, А.Кистанова екі оқты пайдаланды. Соңғы кезеңге әр құрама көбіне өз мықтыларын қоятыны белгілі. Сол себепті әрі нысана көздеуде төрт рет мүлт кеткендіктен, Алина Райкова мәреге сегізінші болып келді.
Ең бастысы, бұл жарыс қазақстандықтардың да әлемнің күшті құрамаларымен бәсекеге түсе алатындығын көрсетті.
Эстафеталық сында Норвегия құрамасы жеңімпаз атанса, Франция екінші, Германия үшінші орынды иеленді.
22:01, 11 Наурыз 2016
Биатлон: Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында 8-інші орынға көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияның Хольменколлен қаласында биатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында эстафеталық жарыс мәреге жетті.