Биатлон: қазақстандық А.Пантова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румынияның Чейле Градистей мекенінде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Арина Пантова пасьюттен топ жарды.

Арина 7,5 шақырымға ізге түсіп жарысудан нысана көздеуде бір ғана рет мүлт кетіп, мәреге бірінші келді. Украиналық Анна Кривонос күміс, германиялық Марина Саутер қола жүлдені иеленді.

Сөйтіп он алты жасар қазақстандық биатлоншы өміріндегі маңызды жеңісіне қол жеткізді.