НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Вишневская Италияның Антхольц қаласында биатлоннан 15 км жеке қашықтықта тоғызыншы орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы төрт мәрте нысана көздеуде бірде-бір оғын мүлт жіберген жоқ.
Тек жылдамдығы жағынан есе жіберген Галина қорытындыда үздік ондықтың қатарына кірді.
Жарыс барысында екі рет оғын нысанаға тигізе алмағанымен, қарқыны мықты италиялық Доротея Вирер мәре сызығын бірінші болып қиды. Бұл - оның осы біріншіліктегі екінші алтын медалі.
Д.Вирерден сәл-пәл қалып қойған германиялық Ванесса Хинц екінші, норвегиялық Марте Рейселанд үшінші орынға көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).