Биатлоннан әлем чемпионаты: Ерлер мен әйелдер арасындағы жеке жарыс аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан әлем чемпионаты аясында ерлер арасындағы 20 км қашықтыққа жеке жарыс өз мәресіне жетті. Қазақстан биатлоншылар одағы мәлім еткендей, байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы атынан Александр Мухин, Владислав Киреев және Никита Акимов өнер көрсетті.

Фото: biathlon_kaz/Instagram

Жарыс нәтижесі бойынша жерлесіміз Владислав Киреев мәреге 100 қатысушының арасынан 47-ші болып жетті.

Ол алғашқы 2 ату аймағында барлық нысанаға дәл көздесе, үшінші айналымда 2 оғы, соңғы айналымда 1 оғы қиыс кетті.

Осылайша, жарыс жеңімпазы Йоханнес Бёге 7:24.9 уақытқа есе жіберді.

Айта кету керек, былтырғы әлем чемпионаты нәтижесіне қарағанда Владислав Киреев осы маусымда жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Енді ол алдағы эстафетада сынға түседі.

Ал кеше әйелдер арасындағы 15 км жеке жарыста 4 ату кезеңінде де барлық нысанаға дәл тигізіп, Галина Вишневская-Шепоренко үздік 25 спортшының қатарына енді.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Галина Вишневская-Шепоренко, Полина Егорова, Алина Скрипкина, Ольга Полторанина, Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев, Асет Дюсенов и Александр Мухин өнер көрсетіп жатыр.