ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ерлер арасында 15 км жеке жарыста биатлоншымыз Вадим Куралес 104 спортшының арасынан үздік ондыққа ілікті. Ол мәреге 8-ші болып жетті ( 2:17.9; 2).
Аталған қашықтықта мәре сызығын бірінші болып неміс биатлоншысы Леонард Пфунд (39:51.3;1) кесіп өтті. Ал, екінші болып мәреге француздық Лежен Валентин ( 12.8;0) келсе, үшінші орынға поляк спортшысы Ян Гунька ( 15.3;1) ие болды.
Сонымен қатар осы біріншілікте Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен Червенко Данил мәреге 31-ші, Афанасьев Артем 50-ші, Гребенщиков Егор 51-ші болып жетті.