Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.
7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты. Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан 3:44.7 минутқа қалып қойды.
Айта кетелік, әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.