Биатлоннан әлем кубогының кезеңі: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM - Поклюкада (Словения) биатлоннан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

Фото: Оlympic.kz

Жарыс бағдарламасындағы соңғы сайыс аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасының намысын Арина Крюкова, Айша Рақышева, Владислав Киреев және Кирилл Бауэр қорғады.

Біздің биатлоншылар жарысты 22-орынмен аяқтады. Алтын медальді Швеция құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды Франция иеленсе, үшінші болып Норвегия құрамасы мәре сызығын кесті.

Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.