Қатысушыларға екі ату межесімен 7,5 шақырымдық қашықтықты еңсеру керек болды.
Бұл тапсырманы үздік орындаған - франциялық Лу Жанмонно. Екінші орынды Германия спортшысы Селина Гротиан иеленді. Үздік үштікті тағы бір германиялық Франциска Пройс қорытындылады.
Қазақстандықтар келесі нәтижелерді көрсетті:
- Ольга Полторанина 78-орынмен мәреге жетті;
- Полина Егорова 89-орынды иеленді;
- Елизавета Белецкая 93-орынмен аяқтады.
24 қаңтарда ерлер арасындағы спринт өтеді. Астана уақыты бойынша басталуы – 18:30.