Биатлоннан әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды
15:46, 12 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM – 12 наурызда Эстонияның Отепя қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталады.
Халықаралық турнир аясындағы алғашқы жарыс – ерлер арасындағы спринт болмақ.
Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы сапынан үш спортшы сынға түседі. Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин жарыс жолына шығады.
Спорттық бәсеке Астана уақытымен 19:15-те басталады.
Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық биатлоншылар Эстонияда әлем кубогы кезеңіне қатысатынын жазғанбыз.