Биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңінде қазақстандық спортшылар әйелдер арасында эстафеталық жарыста 12-ші орын алды

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасындағы эстпафеталық жарысқа 22 команда қатысқан болатын. Онда қазақстандық Елена Хрусталева, Дария Усанова, Алина Райкова мен Марина Лебедов командалық есепте 12-ші орынға табан тіреді. Онда үздік үштікке Норвегия, Ресей және Чехия командалары ие болды. Бұған дейін Германияның Оберхов қаласында 3 қаңтар күні өткен Әлем кубогының 4-ші кезеңіндегі эстафетада біздің қыздар 18 команданың арсынан 12-ші орын алған болатын.

Бүгін енді эстафеталық жарыс ерлер арасындағы өтеді. Ал 11-і әйелдер, 12-сі ерлер арасында спринттік жарыс өтеді. Әйелдер мен ерлер арасындағы масс-старт сайысы 13 қаңтарда болады.