Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан топ-15 қатарына енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 қаңтарда Польшада биатлоннан Еуропа ашық чемпионаты аясында сингл-микс бойынша бәсекелер өтті. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасы 15-ші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Душники-Здруй аймағында өтіп жатқан бәсекеге ел құрама сапынан Елизавета Бельченко, Владислав Киреев қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша отандастарымыздың көрсеткіші келесідей:

15 - ҚАЗАҚСТАН (3 12) 2:33.7

1. Бельченко Елизавета (0 0 1 3) [4] 55.9

2. Киреев Владислав (0 2 0 1) [3] 1:22.1

1. Бельченко Елизавета (0 1 0 1) [2] 1.21.0

2. Киреев Владислав (0 1 2 3) [6] 2:33.7