Оның ашылу рәсіміне Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қатыспақ. Жалпы бұл дүбірлі дода жастар арасында 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтетін 46-шы Әлем чемпионатына қатысушылар үшін іріктеу сайысы болмақ.
Былтыр бұл бәсекеге 60 спортшы қатысқан еді. Онда ересектер арасында 10 шақырымдық спиринтте және 12,5 шақырымдық із кесуде шығысқазақстандық Ян Савицкийдің, ал 7,5 шақырымдық спринтте және 10 шақырымдық жарыста әйелдер арасында павлодарлық Дарья Усанованың бағы жанған болатын. Жастар арасында спринтте ақмолалық Алина Райкова мен павлодарлық Максим Браун үздік шықты. Ал ізге түсуде Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанған ақмолалық Галина Вишневская 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Чехияда өткен жасөспірімдер арасындағы 45- шіӘлем чемпионатында 19 жасқа дейінгі жастар арасында 10 шақырымдықта жекелей сында үшінші орын алды. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1 қола мен командалық есепте 10-шы орын ешілген еді.