«Германияның Оберхов қаласында ерлер арасында 7 шақырымдық эстафета өтті. Бұл жарыста еліміздің спорттық намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Никита Акимов қорғады», - деп жазды biathlon_kaz ресми парақшасы.
Әлем чемпионатының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттар кубогы рейтингінде 12-орынға көтерілді.
Бұған дейін биатлоннан әлем кубогының эстафеталық кезеңіне Қазақстан құрамасының қатысатынын жазған болатынбыз.