Биатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Валерий Польховский қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы биатлоншылар кеңесінің ресми сайты хабарлады. 

«В. Польховскийдің Қазақстан құрамасымен келісімшарты аяқталды. Онымен келісім ұзартылмайтын болды. Бұл екі жақтың шешімі»,  - делінген таратылған хабарламада.