Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2023 жылы Қазақстанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын 2023 жылы өткізу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін IBU техникалық комитеті мен басқарма мүшелері арнайы отырыс ұйымдастырған.

Оның аясында алда тұрған жарыстар кестесі қаралған.

Кездесу барысында Атқарушы комитет 2022-2024 жылдары өтетін Әлем кубогі, IBU кубогі, Еуропаның Ашық чемпионаттары, Юниорлық кубок және Жастар мен юниорлар арасындағы Әлем чемпионаттарының өтетін жері анықталды.

«Осылайша биатлоннан юниорлар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатын 2023 жылы 4-12 наурыз аралығында Қазақстанның Щучинск қаласындағы өткізуге шешім қабылданды» делінген комитеттің хабарламасында.