Бейне жазбада: "Баршаңызға Оңтүстік Кореядан сəлем! Мен Райкова Алина, биатлон командасының спортшысымын. Көптеген күткен Олимпиадаға келіп жеттік, яғни, алты күннен соң алауы жағылатын. Еліміздің ұлттық Олимпиада комитетіне ерекше алғыс білдіргім келеді. Бізді өте жақсы қарсы алып, жайғастырды. Қолдау білдіріп жатқанына үлкен рахмет! Біз олардың сенімдерінен шығып, алға қойған мақсаттарымызды орындайтын боламыз.
Мұнда тамақтары жақсы, шаңғы жолдары да жақсы дайындалған, кең, сапасы жоғары. Жасанды қар төселген. Кеше осындағы алғашқы жаттығуымызды өткізіп, көңіліміз толды.
Жоғары нәтижеден үміттенеміз. Бізге жанкүйерлік танытыңыздар. Біз сенімдерңізден шығуға тырысамыз.
Алға Қазақстан!", дейді Алина өзінің бейне сəлемдемесінде.
Еске сала кетейік, бүкіл төрткүл дүние көз тігіп отырған байрақты жарыс 9-25 ақпан аралығында өтеді. Онда әлемнің 92 елінен жиналған 2 500 атлет қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жиынтық медальді сарапқа салады. Қазақстандық спортшылар іріктеу бәсекесінде ұтып алған 57 олимпиада жолдамасына сәйкес спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасы сапында ақмолалық 6 спортшы ел намысын қорғайды. Олар биатлоншы Алина Райкова, Роман Ёремин, Тимур Хамитгатин және шаңғышылар Евгений Величко, Валерия Тюленева, Денис Волотка.
Вся страна с вами! #teamKZ 🇰🇿 Алға, Қазақстан! @alinka._r @biathlon_kaz
Публикация от KAZAKHSTAN OLYMPIC TEAM (@olympickz) Фев 3, 2018 at 4:51 PST