70 келіде басты фавориттердің қатарына кіретін Бибарыс Әшірбай 1/16 финалда Сантьяго Хименез Лоссомен (Аргентина) өзара мықтыны анықтады.
ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, алғашқы раундтан шеберлігі әлдеқайда жоғары отандасымыз қарсыластың адымын аштырмай, шабуыл мен қорғаныста да өте сауатты жұдырықтасты. Қорытынды есеп: 5:0.
Ал қыздар арасында 54 келідегі Жанель Имантаева 1/8 финалда Росие Свейлеспен (Шотландия) шаршы алаңда кездесті.
3-раунд бойы шиеленісті өткен айқаста төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Черногорияда World Boxing ұйымдастыратын әлем чемпионатына елімізден қанша боксшы баратынын жазған едік.