Бүгін, 10 қарашада Қазақстан атынан шаршы алаңға Бибарыс Әшірбай шықты.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бангладеш өкілі Нойон Трипура Джанимен кездесті.
Нәтижесінде Бибарыс Әшірбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) 1/2 финалға өткен еді.
Қазақстан керлингтен іріктеу турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді.