Бибігүл Төлегенова 80 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламасын Сыр өңірінен бастайды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Үстіміздегі жылы 80-ге келген Бибігүл Төлегенова өзінің мерейтойына арналған концерттік бағдарлама­сын Сыр өңірінен бастамақшы,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезді ән кешін қызылордалықтар мен қала қонақтары бүгін Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында тамашалай алады. Сонымен бірге ол кісі бұл сапарға 5 қараша күні басталатын «Ботақан» халықаралық жас таланттар фестива­лінің қазылар алқасының төрайымы ретінде де келіп отыр.

- Жақында ғана облыс құрылғанына 70, Қызылорда қаласы 190 жыл болған торқалы тойын өткізді. Бұған қоса Қызылорда қазақтың бұрынғы астанасы ғой. Осын­ың бәрін ескере отырып, осындай байламға келдім, - деді ол.