Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті.
Атап айтқанда, «Алматының құрметті азаматы» атағын КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов және грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров алды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, салтанатты марапаттау 16 қыркүйек күні Қала күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік бағдарламалар барысында өтеді.