АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің гран-при турнирінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есепте 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық шахматшы гран-при турнирінің Астана (30 ұпай) мен Нью-Делидегі (163 ұпай) кезеңдеріне қатысты. Ал жылдың басында Германия астанасы Берлин қаласында өткізілген кезеңінде ойнаған жоқ.
Енді ол мамырда Кипр астанасы Никосия қаласында өтетін шешуші кезеңге барады.
Аталған турнирде 3-4 шахматшының жалпы есепте жеңімпаз атануға мүмкіндігі сақталып тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.