Бибисара Асаубаева Үміткерлер турнирінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің қорытындысы бойынша ФИДЕ әлемдік рейтингінде екі сатыға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Фото: Kazchess.kz

Кипрдің Пафос қаласында өткен турнирден кейін қазақстандық спортшы рейтингте екі орынға жоғарылап, жетінші орынға тұрақтады. Оның еншісінде 2527,2 ұпай бар ( 11,2 ұпай қосқан).

Рейтингтің алғашқы үштігін Қытай өкілдері бастап тұр: Хоу Ифань – 2596,0 ұпай, Лэй Тинцзе – 2566,0 және Цзюй Вэньцзюнь – 2559,0.

Үздік ондық мынадай:

  1. Хоу Ифань (Қытай) — 2596,0

  2. Лэй Тинцзе (Қытай) — 2566,0

  3. Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 2559,0

  4. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 2546,0

  5. Александра Горячкина (Ресей) — 2535,6

  6. Хампи Конеру (Үндістан) — 2535,0

  7. Бибисара Асаубаева (Қазақстан) — 2527,2

  8. Анна Музычук (Украина) — 2521,8

  9. Тань Чжунъи (Қытай) — 2516,6

  10. Катерина Лагно (Ресей) — 2505,8.

Айта кетейіка, бұған дейін Бибисара Асаубаева Үміткерлер турниріне қатысқаны үшін оған төленетін сыйақының нақты мөлшері белгілі болған еді. Сондай-ақ Асаубаеваның Үміткерлер турниріндегі орнын жақсартқанын да жаздық.