Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды, содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі — Жансая Әбдімалік.
Айта кетелік Ақтаулық шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанғаны туралы жазған едік