Қазақ шахматшысы тоғыз турға созылған турнирді 5,5 ұпаймен аяқтады, оның екеуі — жеңіс, жеті мәрте тең түсті.
Бибісараны жолда қалдырып, қара үзіп кеткен жалғыз шахматшы — Польшадан келген Алина Кашлинская.
Ол соңғы турда жеңіске жетіп, 6 ұпай еншіледі, яғни 3 ойынды айқын басымдықпен аяқтап, алтауында тең түскен.
Еске сала кетейік, елімізде шахматты дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспары жүзеге асып жатыр.
Оның бір бағыты — шахматты мектеп бағдарламасына вариативті компонент ретінде енгізу.
Былтыр пилоттық жоба ретінде еліміздің 7 өңіріндегі 42 мектептің оқушылары шахматты меңгере бастаған.
Ал қазір 750-ден астам мемлекеттік мектеп басшылығы шахматты оқу бағдарламасына енгізуге дайын екенін жеткізген. Бірден айтайық, пән ретінде емес.
Айта кетейік, тамыз айының басында Астанада өткен шахматтан әлем чемпионатында Магнус Карлсен бастаған команда блицтен жеңімпаз атанған еді.