АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Йоркте (АҚШ) өткен рапидтен әлем чемпионатында 4 жеңіске жетіп, 7 рет тең түсті, деп хабарлайды SPORT+ басылымы.
Бибісара Асаубаева 11 турда 7,5 ұпай жинады.
Соңғы турда ол 17-ші әлем чемпионы қытайлық Цзю Вэнцзюньмен тең ойнап, Нью-Йоркте титулды жеңу мүмкіндігін аяқтады.
1. Хомпи Конеру – 8,5 ұпай
2. Джу Вэнцзюнь – 8 ұпай
3. Екатерина Лагно – 8 ұпай.
Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар астаналық шахматтан Азия чемпионы атанды.
Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.