«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы ауқымының орташа жылдық өсімі 2011-2015 жылдары 4,3 пайызды құрайды деп болжанып отыр. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай 4,8 пайызға дейін жетеді. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсіміне егін егу көлемінің артуымен қоса, астық шаруашылығындағы өнімдерге бағаның өсу болжамы да себеп болады», - деді Қ. Бишімбаев.
Сонымен бірге, вице-министр халықаралық ұйымдардың болжамдарын да алға тартты. Оның айтуынша, бидайға әлемдік баға орта мерзімдік кезеңде жылына 2,2 пайызға арта түсетін болады. Ал арпа, күрішке және басқа да дақылдарға бағаның өсімі жылына 3 пайызды құрауы мүмкін.