Оның сөзіне қарағанда, ел экономикасын модернизациялау мәселелері бойынша Мемлекеттік комиссияның отырысында үшінші сұрыптағы бидайдың сатып алу бағасын тоннасына 16 500 теңгеден 21 000 теңгеге дейін ұлғайту шешімі қабылданды. Бұл шара бидайды өткізу мәселесін шешуге, баға демпингіне жол бермеуге, жалпы бидай өндірісінің тиімділігін жоғарылатуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несиелерді өтеуге, соған қоса басқа да міндетті төлемдерді қайтаруға ықпал етеді.
Айта кеткен жөн, ағымдағы жылы «ҚазАгро» холдингі қаржылық институттарымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдау үшін 80 млрд. теңге бюджеттік несие бөлуді жоспарлап отыр.