Парламентшілер «Ақбауыр мұражай-археологиялық кешенін» аралады және ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар саланың проблемалық мәселелерін, соның ішінде бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнына субсидия беру, ауыл шаруашылығы техникасына несие беруді субсидиялау пайызын қайта қарау мәселелерін талқылады.
Сенаторлар Самара ауданының Самар ауылында да болып, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, сондай-ақ «Лик» шаруа қожалығының қызметімен танысты.