Биік белеске бастайтын жол

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз» командасының ойыншысы Нұрсұлтан Тұрлығұлов бала кезден футболшы болуды армандады.

Республикалық «Сoca-Cola Былғары доп» балалар мен жасөспірімдер турниріндегі жеңісі оның өзіне деген сенімін нығайта түсті. Ол осы жолды бекер таңдамапты.

Өз үйінде аяғының ұшымен жүретін Нұрсұлтан Тұрлығұлов момақан, тым жуас болып өскен. Әкесі одан тамаша биші шығатынын айтып, қалжыңдағанда Нұрсұлтан онымен іштей келіспейтін. Өйткені сыртқа шықса болды, достарымен доп қуып кетеді.Баласының құлшынысын білген ата-анасы оны спорт үйірмесіне жаздырды.  Қорғаныста да, шабуылда да шебер қимылдайтын Нұрсұлтан бапкерлердің көзіне бірден түскен. Одан жақсы футболшы шығатынына ешкімнің күмәні болмаған.

«Сoca-Cola Былғары доп» турниріне қатысу Нұрсұлтан Тұрлығұловтың өмірін күрт өзгертті. Меркі ауданы орталығындағы №17-мектеп командасының құрамында ол 2013 жылы бас кубокты ұтып алып, Оңтүстік Африка Республикасында өтетін әлемнің шағын чемпионатына жолдама алды.   

«Йоханнесбургке келген соң балалар атақты FNB стадионын көріп,  жергілікті Диснейлендке барды. Чемпионат көңілден шықты. Төрешілер ешкімге бұра тартқан жоқ. Нұрсұлтан Тұрлығұловтың өзге елдерден келген балаларға қазақ тілін үйреткені есімде қалыпты», - деп еске алады бапкер Марат Әбдіразақов.

Елге оралғаннан кейін Нұрсұлтанның ала допқа деген құлшынысы арта түскен. Тынбай жаттығып, ақыры «Тараз» клубына шақырту алды.

«Coca-Cola Былғары доп» турнирі онжылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдары оған Қазақстанның түрлі аймағынан миллионнан астам жасөспірім атсалысты. Жарыстың жаңа маусымы басталды. Біздің қатарға қосылыңыздар. Бәлкім, дәл сіздің команда турнирдің бас кубогын жеңіп алар», - дейді Coca-Cola компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Камран Искандеров.