Биік өкшелі туфли және қысқа белдемше киген бойжеткен серпинг тақтайымен сырғанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толқындармен арпалысқан француздық бойжеткен жаттығуын әдеттегіден өзгеше, биік өкшелі туфли және қысқа белдемше киіп жасады.

23 жастағы Мод ле Кар өзінің дайындық деңгейін, сондай-ақ серфингтің ерекше спорт түрі бола алатындығын осылайша көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды Lifenews.ru.

Француз спортшысы әлемдік рейтингте 15-інші орында. Ол жеті рет халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды.