Қайғылы оқиға осыдан бір жыл бұрын болған. Лингурар құлағаннан кейін бірнеше күн ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер оның басынан дәкені шешкен кезде ғана ол басының қандай жағдайда екенін көрген. Оның сүйексіз басын тек жұқа тері қабаты ғана қорғап тұр, кез келген соққы өлімге алып келуі мүмкін. Алынып тасталған бас сүйегінің орнына протез де салуға болады. Алайда бұндай ота жасауға құрылысшының жағдайы жоқ. Лингурардың хикаясы Алекс Прунеан есімді журналисті қызықтырған. Ол бұл оқиғаны БАҚ-та жариялау арқылы құрылысшыға ота жасауға қажетті 900 фунтты жинап бере алатынына сенімді.