Биыл 149 мың көлік құрастырылады
22:12, 17 Қазан 2025
            АСТАНА.KAZINFORM — Жыл соңына дейін Қазақстанда 149 мың көлік құрастырылады. Тоғыз айдың өзінде отандық автоөндірушілер 109 мыңнан аса техника шығарды. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.
Көбін Allur компаниясы құрастырған. Қостанайдағы зауыттан 61 мың көлік шыққан.
Ал Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors , Hyundai Trans Almaty компаниялары 43 мыңдай техника құрастырыпты.
СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan-ның өндіріс көлемі 3 442-ге жетті. QazTehna - 1 371, КАМАЗ-Инжиниринг - 932 көлік құрастырған.
Айта кетелік жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.