- Биыл 3 мыңнан астам адамның заңсыз түрде қылмыстық орбитаға тартылуының жолы кесілді. Азаптау фактілерінің саны бірнеше есе азайды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптауға жол берілген жоқ, суицидтер саны 27% қысқарды.
Ал сотталғандардың еңбекпен қамтылуы 15% артты, - деді Бас прокурор.
Бұған дейін прокуратура жеке сот орындаушыларының жасырған табысын анықтап, қосымша салық өндіргенін жазған едік.