Биыл 3,5 мың жетім бала пәтер алды - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM — 59 мың жетім бала пәтер кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін Құрылтайдағы Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

Фото: Kazinform/ЖИ

- «Қазақстан халқына» қоры 120-дан астам бағдарлама мен жобаны қолдап, балалар мен отбасыларға әлеуметтік көмектің 49 түрін қамтып отыр. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу үшін 616 маман дайындалды, - деді Ж.Сүлейменова. 

Оның айтуынша, 2026 жылы 3 576 жетім бала пәтер алды, тағы 59 мың бала кезекте тұр. 

Бұған дейін хабарланғандай, Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева кешкі мектептерге қатысты проблеманы көтерді.