Биыл 40 су қоймасын зерттеуге 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

АСТАНА. KAZINORM – Биыл 40 су қоймасын зерттеуге 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі  брифингіде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. 

Фото: Kazinform

«Үкімет қаулысымен бекітілген арнаулы тізілім бар. Оған 87 су қоймасы кіреді. Олар стратегиялық нысан саналады. Төтенше жағдайлар болған кезде қауіп бар. Сондықтан олар ерекше бақылауда тұр», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Оның атап өтуінше, Су министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар су қоймаларына зерттеу жүргізеді. Зерттеу нәтижесіне орай су қоймасының қауіпсіздік декларациясы жасалады. 

«Биыл республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді. Соған орай 40 су қоймасында зерттеу жұмысын жүргіземіз», - деді Нұржан Нұржігітов.