Биыл 76 млн тонна мұнай экспортталады - Ақкенженов

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз биыл 76 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

Фото: investorsking.com

- Биыл қаңтар-наурыз айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2 пайызды құрады. Қарашығанақта шикі газды кері айдаудың 6-компрессорын іске қосу жұмыстары жалғастып жатыр. Бұл мұнай өндірісін 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді, - деді министр.

Сондай-ақ ол ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірісін арттыру шаралары туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

- 3 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорттау 15,3 млн тоннаны құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 78,5 пайызға орындалды. 2026 жылға болжам – 76 млн тонна, - деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін биыл 3 айда жалпы ішкі өнім 3 пайызға өскенін жазған едік.