Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Фото: Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңы аясында жүзеге асырылатын бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери дайындалған резервті қалыптастыруға бағытталған.

Үкімет қаулысына сәйкес, 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға және 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі. 

Айта кетелік Ішкі істер министрлігінде күзет қызметін бақылайтын комитет құрылды